Телефон доверия
50-42-69
Адрес: Естай көшесі, 93
504269
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Құттықтау
20-07-2011 11:08
Құттықтау

 

Маржанкүл Жақсыбайқызы Байдилова!

Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылдың 30- желтоқсанында ашылған қазақтілінде тәрбиелейтін №30 сәбилер балабақшасының басшысы. 1966 жылы Қостанай облысы, Камышин ауданы, Свободный ауылында дүниеге келді. 1973 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, 1983 жылы орта мектепті жақсы бағамен аяқтады. Алматы қаласында Эстрадалық цирк студиясына хореография бөліміне оқуға түсіп, 1985 жылы осы студияны ойдағыдай тәмәмдайды. 1985 жылы Павлодар қаласының тұрғыны Арман Қайыргелдіұлына тұрмысқа шығып, аталған қалаға келеді. 1985 жылы Павлодар қаласы МС «Металлургта» хореограф болып жұмыс атқарады. 2002-2005 жылдар аралығында Б.Ахметов атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, 2005-2008 жылдарда Инновациялық Еуразия университетінің «Психология» мамандығы бойынша психология Бакалавр академиялық дәрежесі берілді. 17 жылдан астам уақыт мектемпке дейінгі мекемелерде тәрбиеші, әдіскер қызметін атқарды. Қазіргі кезде үш баланың ардақты да, аяулы анасы.   

Бүгін Сізді туған күніңінізбен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Қадамыңыңызға-гүл, келбетінізге-нұр, қиялыңызға қанат бітсін. Әрдайым құшағыңыз  – гүлге, қадамыңыз  нұрға тола берсін!