«Сағат тоғыз болды. Ұйықтаймыз!» деген сөздерді кішкене күнімізде көп еститінбіз. Неге бала тура осы уақыттан кешікпей ұйқыға кету керек? Қарастырып көрейік. Бала ерте жату керек. Неге? Себебі оның өсу гормоны ұйқының төртінші кезеңінде пайда бола бастайды. Яғни, егер бала 21:00-де ұйықға кетсе, шамамен 00:30-да оның өсу гормоны қарқынды жұмысқа кіріседі. Егер бала өте кеш жататын болса, онда бұл гормонның түзілуіне уақыт жетпей қалады. Яғни, бұл оның өсіп-жетілуіне зиян. Бала ерте жату керек, себебі оның өсу гормоны ұйқының төртінші кезеңінде пайда бола бастайды. Бала ерте жату үшін, үйдегілердің барлығы да ерте жату керек. Балаға жатар алдында кітап оқу ерте жатуға көндірудің тағы бір тәсілі болып табылады. Бірте-бірте ол ата-анасы оған кітап оқыса, ұйықтайтын уақыт келді деген санадан тыс нұсқауға көнетін болады. Баланы ұйқыға дайындайтын тағы бір тәсіл — пәтердегі жарықты көмескілеп қою. Психологтардың пікірінше, шамның сарғылт түстес жарығы адамның жүйкесін тыныштандырып, ұйқыға қарай бейімдейді. Тағы бір кеңес — түнде барлық гаджеттерді сөндіріп, баланың көзіне түспейтін жерге қою. Түнде оларды қайта-қайта қосып, тексеріп, оқып, хат жазу сияқты бітпейтін істер балаға үлгі болмайды.
