2011-2012 жылға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау сапасын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған 2011 жылдың 29 қаңтарындағы № 41 бұйрығы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, бақша әкімшілігі ПОСӨСҚО-мен бірлескен жұмыс жоспарын жасады. Жоспарда 2011-2012 оқу жылында «Саламатты Қазақстан» бойынша кешендік бағдарламаны жүзеге асыруда балалармен, тәрбиеші мамандар, әрі ата-аналармен өткізілетін іс шаралар қамтылды.
16 қазан – Бүкіләлемдік тамақтану күнінебайланысты 6-16 қазан балабақшада тамақтануды жақсарту,түрлендіру бойынша онкүндік өтті. «Балалардың дұрыс тамақтануы» туралы ата-аналарға баланың белсенді болып өсуіне, оның ішетін асына жиі көңіл аудару қажеттілігі, оқуда зейін қою мен есте сақтау қабілеті тағам үлесіне байланысты екені ескертіліп, баланың салауатты тамақтануына арналған қарапайым ережелер, ұсыныстар берілді. «Үстел басындағы тәртіп ережелері», «Азық-түліктің қауіпсіздігі» туралы медбике Г. Қиялбаева кеңес берді. Тәрбиешілер топтарда «Денсаулық бұрыштарын» жарнама, кеңес кітапшаларымен толықтырып, «Тағам үлесін түрлендіріп,үйлесімді етіңіз!», «Дұрыс тамақтану тәртібін қамтамасыз етіңіз!», «Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!» деген ұсыныстарды таратты.
