Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті
Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту; балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу) ескеріле отырып, бақшамызда ЖОБМ №19 мектептің бастауыш сынып мұғалімі О.М.Нуржакинованың қатысуымен ашық сабақтар өткізіліп, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деген ой толғаныс болды...
