«Білім мен тәрбие егіз»
«Білім мен тәрбие егіз» дегендей, бүлдіршін балаларды оқу мен білімге, жақсы жолға тәрбиелейтін балалар бақшасының рөлі адамның өмірінде ерекше зор екендігі ақиқат. Балабақшамызда ашық есік күні өткізіліп, ата-аналар өз балаларының уақыттарын қалай өткізетінін байқап, әрі балабақшаның жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік алды. Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналардың алдында ұйымдастыру іс-әрекеттерінде өздерінің білімін, өлең-тақпақтарымен басқа да өнерлерін көрсетіп қуанышқа бөледі. Ата-аналармен ойын түрінде танысу, психологиялық – тренингтік сабақтар ұйымдастырылып бала тәрбиесінде өзара байланыс жасауға бағыт берілді. Ата-аналар балабақша ұжымы балалардың жақсы тәрбие алуына мүмкіншілік беретіндігі көріп ризашылықтарын білдірді...
