Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
50-42-69
Адрес: г.Павлодар, улица Естая 93
504269
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00 Четверг: 15.00-17.00
«Мен мақтан етемін!» акциясы
15-12-2011 13:33
«Мен мақтан етемін!» акциясы

 

  Педагог  ұжымы мен ересек, дайындық топтары арасында патриоттық «Мен мақтан етемін!» акциясы өтті. Мемлекеттік тудың түсіндей ленталарды ересек,дайындық топ балалары мен тәрбиешілер «20 жұлдызды күн» аясында  тағып жүрді.Жоспарланған барлық балалармен,ұжыммен өткізілген шаралар өз мәртебесіне жетті...

         Тәуелсіздік күніне арнау

Жиырма жыл,жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

 

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

 

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

 

Болмасамда сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі!