Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы – балабақша» деген болатын. 2011 жылдың 31 қаңтар күні бақшамыздың ашылғанына бір жыл толады.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиешілеріміздің балалармен ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысуы, бірге ойнауы, бір нәрсемен шұғылдануы, ортақ мақсат қоюы және оны жүзеге асыру ісіне өздері көп еңбек етуде.Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.Бүгінгі күні балабақша ұжымы, ата-аналар балабақшаның туған күнін тойлау қарсаңында ашық есік күндері, ұйымдастырылған іс-әрекеттер бағаланып, тәрбиешілер арасында бала тәрбиесіне қосқан еңбектерін бағалау мақсатында рейтинг жүргізілуде, мәдени шаралар өткізіліп, балабақша өмірін көркейтуге ат салысуда...
