Тәуелсіздік тойы қарсаңында рухани бақшамызда бірнеше шын мәніндегі ғажайып оқиға лар болып өтті. Қазақ елі өз алдына тәуелсіз ел ретінде көк туын желбіреткелі, талай тарихи оқиғаға куә болып келеміз. Ел мерейін өсірер қуаныштың бәрінің жөні бөлек екені рас, алайда солардың ішінде рухты өткірлейтін, намысты жанитын ең ерекшелері ел есінде мәңгі қалып қоятынын ескерсек, тіл құдіретінен, ана тілінің айбынын асырудан асқан парыз жоқ дер едік. Тәуелсіздік мерейтойына тағы бір рухани тарту – «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында «Тілім менің байлығым» атты хабардан бір күндік балабақша тынысы көрсетілді. Кеше Тәуелсіздік күніне орай ата-аналарымыз облыс әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың атына ғаламтор жүйесі арқылы тәрбиешілеріміздің еңбегін бағалап,алғыс жариялағаны, ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі күні балғындарға – «№30 сәбилер бақшасының» ашылғанына 1 жыл толуына байланысты тәжірибе алмасуда ашық сабақтар,тақырыпты педсағаттар өткізіліп, Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік шараға дайындалудамыз...
