Ойын-баланың жан серігі
Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.Дайындық «Жұлдыздар» тобының тәрбиешілері Г.Т.Бекенова,Ғ.И.Киндирова дидактикалық ойындармен балабақша бүлдіршіндерінің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түсуде. Себебі, ойын-оқу, еңбек, іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды ...
