Ұлы жеңіс!!! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр ...
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс ...
