Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
50-42-69
Адрес: г.Павлодар, улица Естая 93
504269
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00 Четверг: 15.00-17.00
Ұстаздарға мың алғыс!
03-10-2012 09:20
Ұстаздарға мың алғыс!

 

    "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді.Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан , балабақша тәрбиешілеріің,  мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыдың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпау баршамыздың  міндетіміз.
    Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
  Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, барлық инновациялық технологияларды игеріп, оны өскелең ұрпақ санатына жеткізуде  шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға береке, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!