Ата-аналарға арналған консультациялық пункттің қызметі
Мұнда ата-аналар ТЕГІН, әдіскер,психолог, логопед, медбике
педагог-мамандардан ақыл-кеңес алады.
Ақыл-кеңеске жазылу телефоны: (87182) 68-65-18
Бізге келіңіздер! Біз көмектесуге дайынбыз!
1. АКП қызметі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының шеңберінде ұйымдастырылды.
2. Ата-аналарға консультация бір немесе бірнеше маманның бір мезгілде түрлі топтық, топшалар, жеке формалары арқылы жүргізеді.
3. АКП сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 15.30-18.00 аралығында аптасына 2 рет болады. Консультацияның ұзақтығы 25 минут.
4. Ата-аналардың өтініштері бойынша АКП жедел көшпелі консультациялық көмек ұйымдастыруы мүмкін.
5. АКП пен балалардың ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) арасындағы өзара қарым-қатынас қызмет көрсетудің ауқымы мен мерзімін,басқа да талаптарды айқындайтын шартпен реттеледі.
