2-ші педагогикалық кеңес
2013-2014 оқу жылының желтоқсан айында «№ 30 сәбилер бақшасы» МККҚ жұмыс жоспарына сай кезекті педкеңес болып өтті. Педагогикалық кеңестің негізгі тақырыбы: Білім беру барысында білім технологияларын қолдану арқылы балалардың байланыстыра сөйлеу тілдерін дамыту.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
- Педкеңес шешімінің орындалуын таладу;
– Баяндама. «Ұйымдастырылған іс-әрекетінде баларға байланыстыра сөйлеуді үйрету жолдары». (Тәрбиеші: Махметова Б.М.)
– Байланыстыр сөйлеудің әдіс-тәсілдері:
– Қатынас саласы байынша анықтама;
– Мобильдік пано ойындары байынша сайыс;
– Тақпақтар буклеті;
– Рефлексия.
Тәрбиешілер екі топқа бөлініп, ойындар ойнады, өздерінің педкеңеске дайындап әкелген түрлі ойындарын, буклеттерін көрсетті, мобильдік пано ойындарының түрлерімен және мақсатымен таныстырды, ойынның әдіс-тәсілдерін көрсетті. Баяндама оқылып, түрлі кеңестер берілді.
Психолог Г. Қуатқызы тәрбиешілермен түрлі ойындар өткізді. Пед кеңесте басшымыз М.Жақсыбайқызына сөз беріліп, өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісіп, қорытындысын жасап, педкеңес шешімі қабылданды.
