"Тәуелсіздік тұғырым"
Тәуелсіздік күніне байланысты № 30 сәбилер бақшасында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында әртүрлі макеттер сайысы өткізілді. Әр топ ата-аналарымен бірігіп өзінің атынан «Бәйтерек», «Президент сарайы», «Мәшһүр Жүсіп Мешіті» т.б. макеттерін жасап көпшілік назарына ұсынды. Макеттер өте әдемі, ұлттық нақышта жасалған болды. Ең үздік макет жасаған топтар жақсы сыйлықтарымен марапатталды.
