Қардан жасалған ертегілер әлемі!
Біздің №30 сәбилер бақшасында 17 қаңтар күні "Қардан жасалған ертегілер әлемі" атты сайыс ұйымдастырылды. Әр топ өз тарапынан өз телімдеріне қардан әр түрлі боялған мүсіндер жасады. Олар: "Тасбақа", "Жылан", "Көк тұлпар", аққалалар жасалып, қардан түрлі бейнелер салынды, және т.б. көптеген мүсіндерді жасап шығарды. Тәрбиешілер және тәрбиешінің көмекшілері өз шығармашылық қабілеттерін танытты.