22 наурыз мерекесі
Сәбилер бақшасында Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне қарсаңында "Әз, Наурыз!" мерекесі өтті. Ойын-сауық барысында бүлдіршіндер ұлттық нақышта безендірілген залда ән айтып, би билеп, салт-дәстүрімізді көрсетіп, ұлттық ойындар ойнап, Қыдыр ата мен әжеден батасын алып, көңілдерін көтерді.
