Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
50-42-69
Адрес: Естай көшесі, 93
504269
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Балаңыз мектепке дайын ба?
04-05-2019 08:52

Баланы мектепке жан-жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды іс.

Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?