Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Қазақстанда мекенжай анықтамасы өз күшін жояды!
05-11-2019 14:32
Қазақстанда мекенжай анықтамасы өз күшін жояды!

Сәбилер бақшасының қызметкерлеріне "Қазақстанда мекенжай анықтамасы өз күшін жоюы" туралы түсінік берілді.

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама алу – қазақстандықтардың ең көп пайдаланатын мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын азаматтар жұмыс орнына, мектептер мен балабақшаға, емханаларға, банк қызметтері үшін 10 миллионнан астам мекен-жай анықтамасын сұратады екен. Енді, қарашаның бірінен бастап осы анықтама мемлекеттік қызмет тізілімінен алынып тасталады. Яғни, сізден ешкімнің мекен-жай анықтамасын сұрауға құқығы болмайды.

Мұндай өзгеріс мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту және қағазбастылықты азайту мақсатында қолға алынып отыр. «Мемлекеттік көрсететін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекен-жай анықтамаларын беру алынып тастау туралы шешімі қабылданды.