«Ұлылардың ұлысы-Абай» сайысы!
Павлодар қаласының №30 сәбилер бақшасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы-Абай» тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа Павлодар қаласының № 1,12,19, 30, 37, 46 сәбилер бақшасының педагогтары қатысып, Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқып, актерлік шеберліктерін қоса отыра « Абай өмірінен көрініс» қойып берді. Абай Құнанбаевтың өміріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, мадақтама қағазымен марапатталды.
