Нептун күні
2014 жылғы 11 шілдеде біздің бақшамызда жаздың ыстық күнінде естияр және ересек топ балалары үшін Нептун күніне арналған үлкен ойын-сауық өткізілді. Балалардың шыдамсыздана күткен мерекенің басты кейіпкері теңіз бен мұхиттың патшасы Нептун болды. Бірақ әрбір ертегіде жақсылық пен жамандық бірге таласып жүретіні белгілі. Бұл мерекеде солай болды. Нептунға бара жатқан жолда балаларға Леший кездеседі, балалар үшін бірнеше түрлі тапсырмалар ойлап тауып, оларды жолдарынан жаңылыстырды. Бірақ балалар барлық тапсырмалардан сүрінбей өтті: өздерінің ептілігін, күшін, төзімділігін, ержүректілігін, татуластықтарын көрсете білді. Мерекеде балалар бақытты, қуанышты минуттарды өткізіп, соңынан Нептуннан тәтті сыйлықтар алды.
