Сенім телефоны
87182531781
email: pavlodar033@mail.ru
Мекенжайы: Торайгыров көшесі, 16
87182531781 87182535279 87182537490
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Әр айдың дүйсенбі күні сағат 16.00-18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Алтын сақа" кабинетінің ашылуы
14-12-2021 11:43

2021 жылдың 14 желтоқсан күні «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» толуы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы» КМҚК іргесінде «Алтын сақа»  кабинетінің ашылу салтанаты ресми түрде өтті.
Аталған іс – шараның мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылығын дәріптеу, ұлтымыздың бай мәдениеті, Отанын сүйетін, рухы биік, адамгершілігі мол тәрбиеленушілердің білімін, ой – өрісін асық арқылы дамыту.

Павлодар облысының
"Аналар кеңесінің" және "Нұр әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахыт Шаханқызы "Алтын сақа" кабинетінің ашылу қуанышын бөлісуге келіп, тұсауын кесті.

Сонымен қатар Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының БББ магистр, оқытушылары Гульназ Бауыржановна, Айжан Шукировна ашылу рәсіміне қатысты.

Тәрбиеші Ботагоз Серікқызы Бакеева "Алтын сақа" кабинетіндегі ойындар мен тапсырмалар білім беру салаларын қамтитыны туралы тоқталып кетті.

Балалар келген қонақтармен асық ойындарын ойнап, асыққа арналған өлең жолдары мен нақыл сөздерін айтты.

Келген қонақтар бақшамызға арнап көптеген ақ тілектерін арнады