"Үнемі есімізде сақтаймыз!" мерекелік іс-шара
Бүгін біздің балабақшада 9 мамыр - Жеңіс мерекесінің 68-жылдығына арналған "Үнемі есімізде сақтаймыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл мерекеге ҰОС-на қатысқан ардагерлер шақырылып, балабақшаның тәрбиеленушілері ардагерлеге дайындаған әндері мен билерін ортаға салды. Бұл мерекелік іс-шараға балабақша қызметкерлері де қатысты. Ардагерлер " Үнемі есімізде сақтаймыз"!атты концертімізді тамашалап, жылы тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
