Тәуелсіздік тұғыры 25 жыл
Біздің балабақшамызда желтоқсанның 14-і күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай ортаңғы «Көбелек», ересек «Балдырған», даярлық «Күншуақ» топтарында мерекелік ертеңгіліктер өтті. Барлық топтарда мерекенің басы еліміздің әнұранымен басталды. Мерекеде балаларға қонақтар келіп, балалар қонақтармен ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтерді. Қонақтарға арнап ән айтып, би билеп тәуелсіздікке арналған өлең-жырларын арнады.
