Берекелі Алтын күз!
Күз - сиқырлы, әрі әдемі мезгіл, бұл мезгілде айнала қызыл, сары қоңырқай түске бөленіп, көздің нұрын алады. Көңілің толып, бір тамаша күйге бөленесің. Өйткені күзбен бірге өлкеге тоқтық та кіреді. Алқапта, бау-бақшада өнімдер пісіп, шақырып тұрады. Қандай керемет десеңші!-демекші, біздің балабақшамызда 2016 жылдың қазан айының 11-жұлдызынан бастап, 13-жұлдызына дейін топтар аралығында «Алтын күз» ертеңгіліктері аталып өтті. Балалар көңілді – күйлерін өлеңдер, билер арқылы көрермендерге паш етті. «Жазбен» қоштасып, «Күз» мезгілін қарсы алды. Ата-аналар балалармен «Жемісті күз мырза» атты шығармашылық байқауға белсенді қатысты. Балалардың күзге арналған шығармашылық туындалары «Күз бояулары» атты сурет көрмесінде ерекше орын алды.
