"Ашық есік" күніне қош келдіңіздер!
Балабақшамызда мектепке дейінгі баланың дамуы мен тәрбиесінің ерекшіліктері жөніндегі ата-аналардың білімін байыту мақсатында 2016 жылдың 20 сәуірінде «Ашық есік» күні өткізілді. Бұл күні ата-аналар мектепке дейінгі білім беретін мекемесімен, оның жұмысының ерекшіліктерімен, бала тәрбиелеу ерекшіліктерімен, педагогтармен таныстырылып өтті. «Ашық есік» күні барлық педагогтар, топтың екі тәрбиешісі, жеке мамандар сол күннің сабақ кестесі арқылы балалармен ұйымдастыру оқу іс-әрекеттерін көрсетті. Таңғы жаттығудан бастап түскі асқа дейін және түстенк ейінгі уақыттан кешкі балаларды алып кеткенге дейін ата-аналар балабақшада балабақшаның күнделікті жұмысын бақылап ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын айтып кетті.