"Қауіпсіз терезе" тақырыбындағы суреттер көрмесі
Балабақшаның Ересек "Жұлдыздар" және Даярлық "Күншуақ" тобының тәрбиеленушілері "Қауіпсіз терезе" тақырыбында суреттер салып, көрме ұйымдастырылды. Балалар сурет салуға белсене қатысып, сурет салу барысында әңгіме жүргізілді. Терезе үстіне шығуға болмайтындығын, ашық терезе жанында ойнауға болмайтындығын, үйдегі өздерінен кіші іні-сіңілілерінің, бауырларының терезге шықпауын қарап отыру қажеттігі туралы барлық балалар түсінеді және біледі.
