"Қауіпсіз терезе" науқаны
"Қауіпсіз терезе" науқанын өткізу барысында балабақшаға жақын орналасқан әлеуметтік объектілерге, яғни дүкендер, шашатараз, дәріханалар ішіндегі ақпараттық тақтайшаларға арнайы буклеттер, парақшалар таратылды. Келген адамдар ақпаратты көріп, балаларының қауіпсіздігі туралы бір сәтке де ұмытпай, араларында терезеге торлар немесе шектеуіштер орнатпағандары болса орнату керектігін еске салу мақсаты болды.
