Сенім телефоны
8(7182) 31-00-24
email: sadik-43@mail.ru
Мекенжайы: Павлодарская область, город Павлодар, улица Катаева 52
басшысы - 8(7182) 31-00-24, жалпы - 8(7182) 31-00-86, бухгалтерия 8(7182) 31-00-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 9.00- 12.00 дейін.
"Қауіпсіз терезе" науқаны
04-05-2019 15:29

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, ата-аналармен тығыз жұмыс жасау үстінде балаларымызды қауіп-қатерден сақтау мақсатында қала бойынша барлық білім беру мекемелерінде «Қауіпсіз терезе» науқаны өткізіліп жатыр.

Кез келген саналы ересек адам өзінің балаларының өмірі мен денсаулығына жауапты екенін біледі. Бірақ неліктен балалар өдерінің сенімді және қауіпті деп саналатын орны – өз үйлерінде бола тұра жазатайым жағдайларға тап болады екен?

Жылы жыл мезгілінің басталуымен ата-аналар терезелер мен балкон есіктерін аша бастайды. Ал балалар болса терезенің арғы жағындағы өмірге, көрініске қызығып сол қауіпті жаққа қарай тартыла береді. Осыған байланысты әрбір ата-ана қауіпсіздік ережелерін естен шығармауы керек.

Бүгін 2019 жылғы 04 мамыр күні Ж.Аймауытов атындағы театр жанында Павлодар қаласының 25, 26, 30, 34, 41, 43, 46, 50, 53, 104 балабақшаларының бірлесе отырып ұйымдастырылған шарасы өткізілді. Аталған шара өткізілу барысында ата-аналарға, келген қонақтарға қауіпсіздік ережелері жазылған брошюралар таратылды, лотерея ойнатылды, балабақшалардың өнерлі тәрбиеленушілері өздерінің концерттік бағдарламаларын көрсетті.