«Менің жасыл орманым» эко науқаны
Бақша отырғызу - бұл балалардың қызығушылығы мен байқауын дамытудың тамаша тәсілі, мектеп жасына дейінгі балаларды жұмысқа тартудың керемет әдісі. Ол балалар бойында өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті жағдайдың жасалуын, өсірілетін өсімдіктердің сұлулығынан ләззат алу қабілеттерін дамыта түседі. Өсімдіктің күтімді, назар аударуды және қорғауды қажет ететін тірі организм екеніне көз жеткізеді.