«Достық шеңбері» көрмесі
Міне көптен күткен мамыр айы да келіп жетті – бұл жылулық пен керемет көңіл-күй кезеңі! Мамыр айы жылы және шуақты күндерімен қуанта отырып, «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерексін әкеліп отыр. Осы мерекеге орай біздің балабақшада «Достық шеңбері» тақырыбында көрме өтті. Көрмеде балалардың ата-аналарымен бірлесіп жасаған жұмыстары ұсынылды. Әр жұмыста әр баланың шығармашылық даралығы мен қиялын байқауға болады. Барлық жұмыстар ерекше, қызықты және көзтартарлық.