«Достық шаңырағында» ертеңгілігі
«Қазақстан халықтарының бірлігі күні» Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Бүгінде біздің балабақшада «Достық шаңырағында» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Балаларға арналған түрлі ойындар, жарыстар, ән мен билер көріністері ұйымдастырылды.