«№ 40 сәбилер бақшасы» КМҚК ұжымы барлық павлодарлықтарды еліміздің басты мерекесі -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Тәуелсіздік - бұл бостандық, күш, руханият. Еліміздің артықшылығы - тең құқылық пен әділдік жыл сайын нығая түсетін көп ұлтты халықтың бір шаңырақ астында тату өмір сүруінің үлгісі! Біздің Қазақстанымыз болашағы зор, айбынды тарихымен тәуелсіз және молшылықта өмір сүрсін! Өз елінің барлық патриоттарына денсаулық!
/ С. Дөнентаев «Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн».
Көркем оқу: тәрбиеші Шевчук Кристина Романовна/
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!