8 Наурыз
8 Наурыз - балалар жақсы көретін және сүйікті аналары мен әжелерін құттықтауды күтетін мереке. Бұл күн жарқыраған сәулесімен, гүлдер шашырауымен безендірілген.
Дәстүр бойынша біздің балабақшада барлық жас топтарында 8 Наурызға арналған ертеңгіліктер өтті. Ертеңгіліктер салтанатты, қуанышты атмосферада, жарқын музыкалық қойылым түрінде өтті.Балалар өздерінің шығармашылық қойылымдарымен қуантты. Аналар мен әжелер үшін әсерлі және шынайы әндер, көңілді тақпақшалар, билер орындады. Тосын сәт балалардың қолымен жасалған сыйлықтар болды. Барлығы керемет әсерге ие болды.