Ұлттық ыдыс – аяқ түрлері

Ұлттық ыдыс – аяқ түрлерімен ортаңғы «Күншуақ» тобында көрме ұйымдастырылды. Тәрбиеші Мархабат Теңдікқызы Кадырханова балаларға ұлттық ыдыс- аяқ түрлерін таныстырып, олардың пайдасы жайлы түсінік берді. Қазақ халқы адыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, жүннен, киізіден және шұғадан жасаған. Біздің халық тұрмысында ыдыстардың ағаштан жасалған түрлері кеңінен пайдаланылған. Наурыз мерекесінде ұлттық ыдыс-аяқ түрлерін ұлттық тағамдарды салып дастарханға қояды.