"Жақсылық жасау деген не?
Балалардың «қайырымдылық», «қамқорлық», "мейрімділік", «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында балабақшамызда "Жақсылық жасау деген не? "тақырыбында тақырыптық сабақтар өтті.Балалар сабақ барысында өздерінің қандай жақсылық жасағандарын айтты біреулер көрші апаның ауыр сөмкесін үйіне жеткізіп салса, екіншісі егде кісіге автобуста орын береді, енді біреуі жылап жатқан баланы жұбатады, ең ақыры үйсіз жануарларды тамақтандырғанын айтты.