Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 50-50-71
Адрес: Ул. Сағадат Нұрмағамбетов, строение 128/1
Приемная: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда 15.00-17.00, Четверг 09.00-11.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
№48 санаторлық сәбилер бақшасына — 10 жыл!
29-12-2025 11:03
№48 санаторлық сәбилер бақшасына — 10 жыл!
Павлодар қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін №48 санаторлық сәбилер бақшасының ашылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы он жыл ішінде балабақша маңызды миссияны абыроймен атқарып келеді — балалардың дене және психикалық денсаулығын нығайту, емдеу-сауықтыру және алдын алу жұмыстарын жүргізу, балаларды тәрбиелеу мен жан-жақты дамыту үшін әрбір балаға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау.
Іс-шара барысында мекеменің атқарған жұмыстары қорытындыланып, ұжымның жетістіктері, сондай-ақ тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға қосқан педагогтер мен медицина қызметкерлерінің үлесі атап өтілді. Мерекелік көңіл күйді балалардың жарқын өнер көрсетулері мен қонақтардың жылы лебіздері толықтырды.
Балабақша ұжымына кәсібилігі, қамқорлығы және өз ісіне деген адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз!