Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жан- жылуы» қайырымдылығы
28-12-2017 17:28
«Жан- жылуы» қайырымдылығы

Баланың сыңғырлаған күлкісі, былдырлап сөйлеген сөздері, тәтті қылықтары әр бір жанның жүрегіне жылу ұялатады. Жаңа жыл қарсанында №48 Санаторлық сәбилер бақшасының ұжымы 22 желтоқсан күні «Павлодар қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне» барып, «Аяз атамен ақшақардың қызықтары» атты тақырыпта аяз ата мен ақшақар болып сәбилердің көңілдерін көтеріп қайтты. «Аяз атаның ертегісі» атты театраланған көрініс көрсетіп,дайындап апарған ойыншықтарын, тәтті сыйлықтарын табыстады. Сәбилер үйінің қызметкерлері, №48 санаторлық сәбилер бақшасының басшысы Қазыбаева Алма Төлеубайқызына осындай қайырымдылық акциясын ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін жаудырды. Сәбилер үйіндегі осы балаларға қамқор болып, жүректеріне жылу беріп, құшағына салып мәпелеп отырған тәрбиеші апайлардың еңбегі адал. Иә деп- бір күрсіңесін, сәбилер үйінде көздері мөлдіреген балапандарымыз аз болсыншы ,тіпті болмасыншы деп сөзімді аяқтағым келеді.