Сенім телефоны
87778654515
email: sad47@goo.edu.kz
Мекенжайы: Орталық көшесі, 2/1
Басшы (8 -7182-35-65-45), Бухгалтер (8 -7182-35-65-71),
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 09.00-17.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
" Ұлы Абай атамыз" атты мерекелік іс шара
21-02-2020 17:53

2020 жылдың 21 ақпан күні №47 сәбилер бақшасында Абайдың 175 жылдығына арналған "Ұлы Абай атамыз!" атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды.Атаулы іс шараның мақсаты: ұлы кемеңгер, ойшыл ақынымыз Абайдың өлеңдерін,қара сөздерін жас ұрпаққа насихаттау. Дара тұлғаның өлеңдері арқылы бүлдіршіндерге адами қасиеттерді сіңдіру,Абай мұрасына деген қызығушылықтарын арттыру.

Шара барысында болашағынан үміт күттірген бүлдіршіндер ұлы ақынның өлеңдерін,нақыл сөздерін жатқа оқып,би билеп, Абай атамыздың әндерін шырқады.Ересек топ тәрбиеленушілері Абай атамыздың балалық шағынан "Кішкентай Абай" атты көрініс  көрсетті.Тәрбиеші апайларымыз да өз өнерлерін ортаға салды.Болашақта өскелең ұрпақ ұлы тұлғаларымызды ұмытпай,олардың шығармашылығына қызығушылық танытады деген ойдамыз.