"Әкем, анам және мен - тату отбасымен"
Бүгін 54 балабақшасында "Әкем,анам және мен - тату отбасымен" атты спорттық мереке өтті.Спорттық іс-шараға біздің балабақшаның ата-аналары мен тәрбиеленушілері қатысты.Мерекенің негізгі мақсаты - адамның бойындағы ең құнды нәрсені көрсету,оны бағалау және қорғау.Салауатты өмір салтын насихаттау,спортқа деген қызығушылығын арттыру,әр түрлі спорттық ойын түрлерімен ата-аналар мен балаларға бірлескен іс-шаралардан,өздеріне жағымды эмоцияларды алуға ықпал ету.Екі команда да икемділігі мен ептіліктерін, шапшандылық қабілеттерін спорттық және дене шынықтыру жаттығуларынан көрсетті.Спорттық іс-шара қызықты,қуанышты өтті және отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етті.
