Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
20-99-13
Адрес: улица Якова Геринга 79/1
87182 66-11-48
1 мамыр - Қазақстан халықтарның Бірлік күні!
04-05-2023 16:20
1 мамыр - Қазақстан халықтарның Бірлік күні!

     Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Павлодар қаласындағы

№54 балабақшамызда үлкен мерекелік іс-шара өтті. Оған  тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары қатысты.Бірлік мерекесі республикамыздың көп ұлтты, біртұтас тарихы мен дәстүрі біріктірілген халқы үшін ерекше қымбат. Қатысушылар түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырды.             

     Олар әр ұлттың әнін, биін орындап, ұлттық тағамнан дәм татты. Мерекемізге «Достық» үйінен  «Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінен Нұрғалиева Нұршат Әбдіғайымқызы, Финугор бірлестігінің төрайымы Татьяна Валерьевна Щетинина шақырылды. Олар бүлдіршіндерге барлық халықтардың салт-дәстүрін қастерлеуге, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге тілек білдірді.Ата -аналар  Роксана Манцуровна Бароваға, Жанар Жуматайқызы   Кожахметоваға  балабақша  өміріне белсене қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.Мереке соңында  балаларға сыйлықтар табысталды.