«Ерте ояндым,ойландым...»
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында Абайдың 175 жылдығына орай «Ерте ояндым,ойландым...» атты әдеби шара өтті. Кешті қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Айғараева жүргізді. Шараға оқушылар белсене қатысты. Абай өмірінен,шығармашылығынан бейнебаяндар көрсетіліп, кітапханашы Г.Жакина Абай туралы кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы» әні шырқалды. Кеш соңында оқушылар Абай өмірі,шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Көрермендер А.Құнанбаев жайлы көптеген мәліметтер алды.
