. 5 маусымда «Балдаурен» оқу – сауықтыру орталығында ұйымдастырылған «Көңілді мәре» атты спорттық сайысы жоғары деңгейде болып өтті. Іс-шараның мақсаты-балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын дамыту, адам өміріндегі спорттың маңызын түсіну, жылдамдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Балалар "көңілді старттар" спорттық эстафетасына белсене қатысып, өздерінің спорттық шеберліктері мен дағдыларын, қозғалыс жылдамдықтарын, командада жұмыс істей білулерін көрсетті.
Сайыста «Достар», «Nonajastar» және «Дружба» топтары ортаға шақырылып, әр түрлі спорт түрінен жарысқа дайындалды.. Жарысқа түскен бәсекелес топтар жарыс шарттарына сай кезеңдерден бақ сынады. Балалардың жүздері жадырап, қуанышқа бөленіп, бір серпіліп қалғандай. Ұйымдастырушы колледждің дене шынықтыру пәнінің ұстаздары өз мамандықтарын сүйетін жандар екенін аңғартты. Нәтижесінде «Nonajastar» тобы жеңімпаз атанып, «Дружба» тобы ІІ орынға, «Достар» тобы ІІІ орынға ие болды.
