Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-7182-63-96-74
Адрес: с. Мичурино ул. Типкаши ст. 1А
8-7182-63-96-74
Көңілді жазды сүйеміз!
02-07-2019 17:11
Көңілді жазды сүйеміз!

Көңілді жазды сүйеміз!

2019 жылы 2 шілдеде «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында «Нұр – сұлтан арман қала» атауымен ағымдағы жылдың жазғы кезеңі 9-ші аусымының ашылуы өткізілді. Мақсаты - дене шыдамдылығын бекіту, шығармашылық мүмкіншілігін ашу, балалардың қызығушылық, әртүрлі, белсенді және танымдық демалысы мен сауықтырылуын ұсыну.

2019 жылы 2 шілде мен 12 шілде аралығында орталықта 40 жалпы білім беретін мектептен 76 оқушы бар, сонымен қатар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп отбасының балалары.

Орталықта оқушылар 5 рет тамақпен қамтылған, сауықтыру шаралары қарастырылғант - тұзды шахта, оттекті коктейль, ультрадыбысты ингалятор, биоптрон, фито-шәй. Оқушыларға «Эбру», «3-Д формата», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші,қызығушылықтары бойынша үйірмелерге, «Балалығым бақытым», «Еркін би, көңіл-күйім» ойын алаңдарына қатысу мүмкіншілігі қарастырылған.

Осы кезеңде «Достық және мейірімділік!», «Көңілділер мен тапқырлар», «Жаса, жайна Балдаәурен!», «Кел, билейік!», «Қазына операциясы!», «Әсем қала Нұр - Сұлтан», «Ғаламтор жұмбағы!», «Әдеби каһарман ескерткіші», «Stop - кадр», «Ертегілер әлемі», жалпы лагерь шаралары өткізілді. «Жүзден жүйрік!», «Baldauren TV», «Бармағынан бал тамған», «Сиқырлы дәрумендер құпиясы!», «Мен өз қаламды сүйемін», «Сөйлейтін қабырға», «Породия», «Жасыл дәріхана», «Балдәурен жүрегімде» шығармашылық және танымдық байқаулар өткізіледі. Футбол, волейбол бойынша «Спорт сенің серігің», «Көңілді мәре», «Сиқырлы қоржын», «Айгөлек», ұлттық ойындар - тоғызқұмалақ, бес асық, орамал тастау, «Айбын», «Толағай» спорттық шаралар өткізу жоспарлануда. Орталықта бес 2 қабатты коттедж, аудио-бейне телеаппаратурамен жабдықталған, Алма - ТВ, компьютер және тұрмыстық техника қосылған. 2019 жылдың маусымынан тамызына дейін Балдауренде 720 бала демалады.