«Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты әдеби кеш

23 қарашада № 2 ЖОББМ кітапханасында 5 «Б» сынып оқушыларымен халқымыздың елеулі ұлы тұлғаларының бірі, ел-жұртымыз сырттай балалар әдебиетінің классигі атандырған қазақтың аса көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 - жыл толуына арналған «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты әдеби кеш болып өтті. Іс-шара барысында кітапхана менгерушісі С.К.Макажанова оқушыларға М.Әлімбаевтың өмірі жолы мен шығармашылығымен таныстырды.
Балалар Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп және оқыды.
Мақсаты:
1. Оқушыларды балалар ақыны М. Әлімбаевтың шығармашылығымен таныстыру.
2. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға қызығушылықтарын арттыру.
@bilim_pavlodar @aygulm25