«Бала құқықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті
1-11 сынып оқушылары үшін «Бала құқықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті. Қоғамның басты байлығы – адам болғандықтан, әрбір адам өзінің құқықтары мен заңдарын білуі қажет екені, сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейтіні айтылды. Сонымен қатар әр бала тәртіпті, саналы азамат болып өсіп, Отанына адал болатындарын айтты. Әр оқушы өз ойларын түйіндей білді. Б. Момышұлы: «Азамат жолы - ар жолы» - деп айткандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай, тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздары болудын маңыздылығы айтылды.