Ашылу салтанаты
2 маусымда "Балалық шақ Республикасы" атты жазғы сауықтыру лагері ашылды! Балалармен бірге ата-аналардан құралған клуб мүшелері де келді. Құттықтау сөз мектеп директоры Н.Б. Асылбекова, лагер басшысы А.Қ. Сейтова, ата-ана клубынан Оразалина Т., "Томирис" қалалық әйелдер ұйымының төрайымы Айтжанова Н.К. берілді. "Томирис" қалалық әйелдер ұйымынан Айтжанова Н.К. балаларға арнап заттық көмек көрсетті. Арнайы дайындалған концерттен соң 1-2 сынып оқушылары асфальтта "Бақытты балалық шақ" атты тақырыпта сурет салды. Ал 3-4-5 сынып балаларымен ертегі кейіпкерлері лагермен танысу жүргізді. Балалардың алғашқы күні қызықты, мазмұнды өтті.