Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Денсаулық күні - 2011"
13-09-2011 04:09

Мектепте 10 қыркүйек күні «Әкем, шешем, мен – саламатты отбасы» ұранымен Денсаулық күні өтті. Оған 2 – 11 сынып оқушыларынан 639 бала, сонымен қатар оқушылардың ата-аналары қатысты.

Күн барлығы үшін таңертеңгі жаттығудан басталды, одан кейін линейка өткізілді, мұнда оқушылар «Денсаулық күнінің» бағдарламасымен таныстырылды.

Бастауыш буын оқушылары үшін мектеп аумағында көңілді старттар, қозғалыс ойындары өткізілді. Усолка орман алабына 4-11 сынып оқушыларының шығуы ұйымдастырылды.

Күні бойы дене шынықтыру мұғалімдері оқушылар мен мұғалімдер арасында қызықты спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізді. Балалар қызығушылықпен және құмарлықпен мынадай эстафеталардан өтті: «Кім жылдам?», «Мерген атқыш», мини-футбол, пионербол, волейбол және т.б. бойынша жарыстар. Үстел әзірлеу бойынша конкурстар өткізілді, онда оқушылардың күзгі гүл шоқтарын құрастыру және салаттарды ресімдеу бойынша фантазиялары бағаланды. Жеңімпаздар да, жай ғана қатысушылар да болды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Денсаулық күні өзімізді мықты сезінуге мүмкіндік туғызды және жаңа оқу жылына энергия қуатын берді.