Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің сынып
06-02-2012 04:39
Біздің сынып

Биыл біздің сынып «Ең таңдаулы сынып» атына ие болды. Сыныпта 25 оқушы бар. Сынып қоғам жұмыстарына өте белсенді ат салысады. Көп оқушылар ән, би, спорт үйірмелеріне қатысады. Мектеп өмірі өте қызықты. Осы уақыт ішінде біз тоқсан түрлі мәдени және спорттық шараларға қатыстық. Әсіресе, ең қызықты деген шаралар: «Алтын күз» Баянаул мәдени орталығында өте қызықты өтті.

Біздің сынып бағдарламаны өздері қызықты ұйымдастырып жүргізе білді. Алтын тәжені сыныпта Қайырбек Анэл мен Қалапберген Қуаныш жеңіп алды.

«Короли танцпола» жобасы бойынша белсенді қатысып, мақтау қағазына ие болды. №25 жалпы орта білім беру мектебінде «20 жұлдызды күн» шарасы бойынша қалалық спорттық спартакиадада волейбол жарысынан III-орынға, «Ас – адамның арқауы» атты қалалық жарыста II-орынға ие болды.

«Достық үйі», «Қарттар үйі», мұражайлардағы шараларға белсенді қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, бөлісе білді.

Қоғам жұмыстарына белсенді қатысатын оқушылар: Темірбаева Әйгерім, Анафина Ғалия, Қайырбек Анэл, Жумалина Әйгерім, Маханова Камила, Қуандық Батырбек, Қалапберген Қуаныш, Мамышева Жұлдыз, Сүлейменова Сағила, Омар Даяна, Алькеева Арайлым. Оқушылар сарайында өткен осы жылғы «Жаңа жылғы маскарад» қаңдай тамаша өтті десейші...

Оқушылар өздерінің таңдап алған рөлдерін өте шебер орындай алды. «Ең таңдаулы сынып» жарасында жеңіп, алдан көрінуімізге еш күмән жоқ.

 

Анафина Ғалия

2ЖОББМ

7«а» сынып оқушысы