«Мектептегі жаратылыстану – ғылыми білім беру – ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым мен технология» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының І Съезі
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Оқулық» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен 17 мамыр күні Астана қаласында химия және биология оқулықтары авторларымен кездесу болды. Кездесу «Мектептегі жаратылыстану – ғылыми білім беру – ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым мен технология» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының І Съездін ұйымдастыру және өткізу іс-шаралары аясында өткізілді. Бұл кездесуге біздің мектептен биология, химия мұғалімі Ақгүл Алтыбайқызы Омарова қатысты. Кездесуге қатысушылар съезде қаралатын Жобаны бекітті.