Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Салауатты өмір салты
02-04-2008 18:00

Өткен сәрсенбіде біздін мектепте облыстық үйлестіру кеңесінің көшпелі мәжілісі өтіп, онда «Салауаттану» бағдарламасын білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысына енгізу тәжірибесі сөз болды.

Мәжіліске денсаулық сақтау депараментінің директоры Г. Аубанова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Т. Баймаханов, білім беру саласының қызметкерлері мен аудандық, қалалық әкімдердің орынбасарлары, құқық қорғау мекемелерінің, денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.

Мәжіліске жиналғандар алдымен мектептің тарихи жинақталған мұражайдың жұмысымен танысып, «Менің денсаулығым өз қолымда», «Өз-өзіне қалай сенімді болу керек?» психологиялық тренинг, «Бетпердедегі адам» - шоу бағдарламасы, валелогия пәнінең «Тиімді тамақтану», қыз балалар тәрбиесіне арналған «Ақжүніс» клубоның жұмысынан көрініс, «Ойнайық та - ойлайық» атты үйірме жұмысы, «Ең таңдаулы сынып» атты іс – шаралар көріп, хореография кабинетінің ашылуына қатысты.

Бұл күні мектепте «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» атты акция өтті. Акцияға мектептің мұғалімдері, оқушылары тегіс қатысып, спорт үйірмелерінің жұмысын көрсетті.